• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 18:32:40
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов  2023 жылы қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы елдегі орташа жалақының 30%, яғни 70 мың теңгеден төмен болмайды деп хабарлады Тengrinews.kz

– Кейтц индексі деген көрсеткіш бар. Бұл орташа жалақыға ең төменгі еңбекақы мөлшерінің қатынасы. Бізде ол 23 пайыз болып тұр, біз көптеген елдерден қалып тұрмыз. Біз 2023 жылдың басында ең төменгі жалақы сол кездегі орташа жалақының 30 пайызынан кем болмауы үшін қамданып жатырмыз. Егер 2023 жылы орташа жалақы 224 мың теңге болса, ең төменгі жалақы 70 мың теңгеден кем болмауы тиіс, – деді Нұрымбетов.

Министр ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралатынын айтты.

Министрдің айтуынша, елде 1,2 млн бюджеттік қызметкер бар, олардың жалақысы әр түрлі өзгереді.

– Ал жеке секторға қатысты айтар болсақ, өнеркәсіпте жұмыс уақытының жиынтық есебі бар разрядты коэффициенті бар. Өндірістік кәсіпорындарда минималды жалақы – бұл тарифтік мөлшерлеменің бірінші разряды. Тарифтік мөлшерлеменің екінші, үшінші және тағы басқа разрядтары бар. Және олар разряд аралық коэффициентке байланысты болады. Сондықтан ең төменгі жалақыны көтеру басқа дәрежелердің өсуіне ықпал етіп, бұл жалпы елдегі жалақының өсуіне алып келеді, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жалақы өседі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір