• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:28:44
Алматы
+12°

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді sputniknews

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы енгізілген.

– Қазір оны 370 мың отбасы алып жатыр. Енді төрт баладан аз, бір, екі, үш баласы барлар да бізге де сондай жәрдемақы берілсе деген өтініштерін білдірді. Қазір министрліктің ішінде әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны есептеп жатыр. Бірақ, бұл мәселе, қаржы мүмкіндігіне тікелей байланысты.

Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасы саны 2 миллион 904. Жаңа жәрдемақыны алатын тұрмысы төмен 370 мың отбасының 125 мыңы. Ал 1-3 баласы бар тұрмысы төмен отбасылардың саны 190 мың. Яғни, 15 есе көп. Ол 15 есе артық қаражатты талап етеді. Сондай-ақ жағдайы жақсы отбасыларға жәрдемақы төлене ме, жоқ па, қарастырудамыз. Әзірге нақты шешімге келген жоқпыз, – деп айтты министр.

Биылғы атаулы әлеуметтік көмектің басты ерекшелігі – жалақы табысына қарамастан төленеді. Бала санына қарай ай сайын берілетін жәрдемақы мөлшері:

  • 4 балаға – 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір