• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 17:43:41
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында үш заң қабылданады. Олар – жаңа редакциядағы "Техникалық реттеу туралы" заң, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу және Денсаулық кодексі, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, үкіметтің кеңейтілген отырысында президент экономиканы көтеру және халықтың табысын арттыруға 80-нен астам тапсырма берді. Олар: "Техникалық реттеу туралы" заң, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу және Денсаулық кодексі.

Сонымен қатар, үш бағдарламалық құжат бекітіледі. Олар: "Ақша-кредит саясаты" стратегиясы, "Сауда саясаты" бағдарламасы және "Су ресурстарын басқару" бағдарламасы бар.

"Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын мазмұнды және жедел пысықтау қажет. Осыған байланысты, Асқар Ұзақбайұлы сіздің басшылығыңызбен үкіметте жұмыс тобын құру ұсынылады. Жұмыс тобы шеңберінде 10 шағын топ болады. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шағын топтарды басқарады және оларға дербес жауапкершілік жүктеледі", - деп мәлімдеді Дәленов.

Аталған жұмысқа сарапшылар мен кәсіпкерлер тартылады. Әрбір шағын топтың шеңберінде мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленеді. Атап айтқанда, 1 шілдеге дейін  Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіледі. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір