27 Қаңтар, 2020 NEWS
sputniknews.kz
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев елімізде уақытша тіркеуде тұрған ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерге арнайы нөмір беріледі деп мәлімдеді.
Қожаевтың айтуынша, шетелдік нөмір таққан көліктер үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік және утилизациялық алымды төлемеуге рұқсат беріледі.
"Мәселен, Қазақстан азаматы Арменияда көлік сатып алып, техникалық төлқұжатты өз атына жазса, өз көлігін тіркеуге қоя алады. Ал кедендік және утилизациялық алымды төлеу міндеті 2021 жылдың 1 наурызына дейін шегеріледі. Ал Қазақстан азаматы көлікті Ресейден алып, сенімхатпен жүргізсе, көрші елге барып, тіркеуден шығаруы тиіс. Сөйтіп, бір реттік акцияға қатыса алады", - деді Қожаев ОКҚ брифингінде.
Уақытша тіркеу үшін қажетті құжаттар:
- жеке куәлік;
- бұрынғы немесе транзиттік тіркеу нөмірлері;
- көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
- меншік иесі туралы құжаттар;
- алғашқы тіркеу салығын төлегені туралы түбіртек;
- мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжатты жасау үшін салық төлегені туралы түбіртек.
"Бұл автомобильдерге арнайы серия мен түрдің мемлекеттік нөмірі беріледі, ал техпаспортқа аталған көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. ІІМ сары фонда нөмір үлгісін шығарды. 18 цифры. Сонымен қатар, техпаспортта 2021 жылдың 1 наурызына дейін әрекет ету күні көрсетіледі", - деді министр.
"Егер азаматқа мұндай мүмкіндік берілсе және ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін төлемесе, кешіріңіз, оның құжаттары 1 наурызда аяқталады және мемлекеттік нөмірі заңсыз болады", - деп мәлімдеді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір