23 Қаңтар, 2020 Айтты-ей, бауырың!
Ашық дереккөз
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев Айсұлтан Назарбаев пен оның туған әкесінің генетикалық сараптамасын тапқанын хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Мұсаев өзінің facebook парақшасына жазды.
"Бүгін түнімен архивті ақтардым. Мен Айсұлтан Назарбаевтың биологиялық әкесімен салыстырмалы генетикалық сараптамасының құжатын таптым. Бұл құжат қазір менің үстелімнің үстінде. Құжатты Вена уақытымен, түстен кейін жариялайтын боламын. Сондай-ақ ешқандай шарттарсыз тікелей Дариға мен елбасының шешімі бойынша құжат жарияланады немесе жойылады" деп жазды Әлнұр Мұсаев.
Кеше экс-президент Нұсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев бірнеше даулы мәлімдемелер жасады. Ол өзінің әкесі Нұрсұлтан Назарбаев, ал шешесі Дариға Назарбаева екенін айтқан болатын. Сондай-ақ ол өз өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір