21 Қаңтар, 2020 NEWS
Фото ашық дереккөздерден алынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әбілқайыр Ысқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты 21 қаңтарда хабарлады. Бұған дейін Павлодар облысының әкімі болған Болат Бақауов президент жарлығымен қызметінен босатылды.
46 жастағы Әбілқайыр Ысқақов 2019 жылдың сәуір айынан бері қаржы министрлігінде қаржылық бақылау комитетінің төрағасы болған. Оған дейін ол Нұр-Сұлтанда мемлекеттік кірістер департаментін басқарған. Көбіне қаржы, салық саласында қызмет еткен. Ысқақов Павлодар облысының тумасы.
2016 жылыдың наурыз айынан бері Павлодар облысының әкімі болған Болат Бақауов 17 қаңтарда “жемқорлық күдігімен” екі айға қамауға алынған. Оған қызметін асыра пайдалану бабы бойынша айып тағылған. Оған бұлтартпас шарасын қолдану туралы өткен сотта Бақауовтың қызметін асыра пайдаланып, туысқанының компаниясының заң бұзғанын жасыру үшін салық органдарына қысым жасағаны айтылды. Бақауов бұл айыптарды мойындаған жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір