• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:10:41
Алматы
+12°

9 Ақпанда сарапшылар мен саясаттанушлыардың басты назары Әзірбайжанда болады. Өйткені дәл осы күні  елде парламенттік (Милли межлис) сайлауы өтеді.

Бұл сайлаудың өзге сайлаулардан ерекшелігі мен маңызын айшықтау үшін, Президент Ильхам Алиевтің бастаған реформаларының былтырғы қортындылары мен кей батыл қадамдарына қысқаша шолу жасап оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

2019 жылдың желтоқсан айында Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев кей салалардағы (сыбайлас жемқорлықпен күрес, экономика т.б.) реформалардың тиісті деңгейде орындалмай жатқанын алға тартып «Милли межлисті» таратып жіберді.

Президент жасы 65-тен асқан кей шенеуніктерді қызметтен босатып, олардың орынына дамыған елдерде біліктілігін арттырған кәсіби мамандарды тағайындады.

Бұдан бөлек, бірнеше саладағы (сыртқы сауда, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік т.б.) реформалар оң нәтиже беріп, халықаралық рейтингтік көрсеткіштерде (DB) Әзірбайжанды бірнеше сатыға алға шығарды.

Бұған қоса, президент Алиевтің жарлығымен мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлердің жалақысының көтерілуі қоғамда оң баға беріліп, президент беделін асқақтата түсті.

9 ақпанда өтетін парламенттік сайлау осы біртұтас әрі кешенді реформалардың маңызды бір бөлігін құрайды. Биылғы сайлаудың басты ерешелігі мен маңызы осында.

Яғни, сайлау нәтижесінде, Әзірбайжанда визионерлік тұрғыдан жаңарған жаңа парламент модерн құндылықтар мен талаптарға жауап бере алатын, бастысы - азаматтарға етене жақын әрі сыбайлас жемоқарлыққа жол бермейтін парламентшілер профилі қалыптаспақ.

Әрине бұл сайлаудың аймақтық және постсовет елдері үшін тәжірибе тұрғысынан үлгі болары әрі жаңарған парламенттің Әзірбайжан Республикасының күшіне тың қуат қосары анық.

Нұрғали Жүсіпбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір