17 Қаңтар, 2020 NEWS
sputniknews.kz
Жолаушылар пойыз билеттерін кассаларға кері қайтарған жағдайда билет құны неше күнде берілетіні туралы ОКҚ брифингінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі айтып берді, деп жазады 24.kz.
"Теміржол билеттерін пойыз жүріп кеткенге дейін тапсырса, 5 күннің ішінде билеттің құны қайтарылады. Ал пойыз жүріп кеткеннен кейін тапсырса, 2 аптаның ішінде қайтарылады», - деді Асылхан Советбекұлы.
Оның айтуынша, билет құнын екі аптадан аспайтын уақыт мерзімінде қайтаруға міндетті. Жолаушылар билеттерін теміржол вокзалындағы кассалар немесе интернеттегі билет рәсімдеу сайты арқылы кері қайтарып, билет құнын ала алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір