13 Қаңтар, 2020 NEWS
interfax.ru
13 қаңтар күні Филиппиндегі Манила қаласының оңтүстігінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан Таал жанартауы атқылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc-ге сілтеме жасап.
Филиппинннің вулканология және сейсмология инситутының (Фиволк) мәлімдеуінше, Таал жанартауындағы жер асты толқулары күркіреген бұлт пен найзағай араласқан магмалық атқылауға ұласқан.
Аймақтан 8000 тұрғын жаппай эвакуацияланды.
Аралдың дәл ортасында орналасқан Таал жанартауы әлемдегі ең кішкентай белсенді жанартау деген атаққа ие. Ол соңғы 450 жылда 34 мәрте атқылаған.
Қазір Фиволк институты дабылды 3-тен 4 баллға көтерді.
Билік өкілдері алдағы күндерде жанартаудың зор қарқынмен атқылау ықтималдығын және атқылаудан түскен қалдықтардың толқынмен араласып "жанартау цунамиінің" пайда болу мүмкіндігін ескертті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір