• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:13:40
Алматы
+12°

Атамұра кітап баспасы Қазақ Ұлттық кітапханасына 1000 кітапты сыйға тартты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Кітап – алтын қазына» деген нақыл сөз жайдан-жай айтыла салмағаны белгілі. Ежелгі замандардан бастап кітаптың тасқа басылғандай асыл сөзі де аса бағалы білім екендігі даусыз.

Заман жаңарған сайын кітап басу саласы да қарқынды дамып кетті. Кітап адамзат игілігіне айналды, алайда оны бағаламаса, аялап сақтамаса болмайтыны тағы белгілі. Сол асыл қазынаны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін алтын сандық – ол кітапхана. Сондықтан да әр елдің ұлттық кітапханасының еңбегі орасан, ұрпақ алдындағы жауапкершілігі зор. Халық қазынасы – кітапты көзінің қарашығындай сақтап, оқырман игілігіне ұсыну оңай шаруа емес. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, басқаны айтпағанның өзінде, дүниежүзіне танымал «Александрия» кітапханасы мен қазақ халқы үшін аса маңызды «Отырар» кітапханасынан бастау алатын кітапхана ісі Қазақстанда жолға қойылғаны да шындық.

Осындай игі істі атқарып отырған ұлттық кітапханамызға біздің де айтар алғысымыз шексіз. Соның айғағы ретінде Ұлттық кітапханамыздың алтын қорына «Атамұра» корпорациясы өзінің сан жылдық еңбегінің жемісі – қазақ халқы үшін аса бағалы әрі құнды 1000 кітабын тарту етіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір