• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:34:09
Алматы
+12°
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын барысында айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
 
Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды.

Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды.

Абай елі - Семейде мерейтойға жан-жақты дайындық жүріп жатыр. Шаһарды абаттандырып, көшелерді көркейту жұмыстарына басқа да өңірлер үлес қосуға тілек білдірген. Әзірге жалпы құны 9,5 миллиард теңге болатын бірнеше жоба мақұлданған.

Мәселен, Алматы қаласы мен Түркістан облысы жаңа мешіт маңайын абаттандыруға күш салмақ.

Ал Алматы облысы Әуезов даңғылының бойынан жаяу жүргіншілер үшін «Абай жолы» деп аталатын жобаны жүзеге асырады.

Батыс Қазақстан облысы Әуезов алаңын қайта жаңғыртады. Бұл жұмыстарға мемлекет қазынасынан бөлек кәсіпкерлер қаржысы да тартылады деп көзделген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір