• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 17:42:01
Алматы
+12°

Бұл туралы Жеңіс Құспан атты facebook қолданушысы өзінің парақшасында жазып, талап қойған бір топ адамның видеосын жариялады.

"Біздер, атыраулықтар, Макс Боқаевтың денсаулығына алаңдаулымыз. Макс Бокаев өзінің жерін қорғаймын деп, жерім шетелдіктерге сатылмасын дегені үшін бес жылға сотталып, қазір Ақтөбе колониясында отыр. Бізге жеткен ақпарат бойынша Макс Боқаев денсаулығы нашарлап, аяғын баса алмай қалыпты. Біз Макс Бокаевқа сапалы емдеу талап етеміз. Қалаға шығарып, емдеуді талап етеміз. Сонымен қатар Макс Боқаевқа бостандық талап етеміз" дейді видео жолдаушылар.

Макс Боқаев 2016 жылы 24 сәуірде "жер мәселесі" бойынша шеруге шыққаннан кейін "бұқаралық шарада жалған ақпарат тарату", "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудыру" және "жиналыс, митинг, пикет, шеру, демонстрация өткізудің тәртібін бұзу" баптары бойынша бес жылға сотталған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Макс Боқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір