• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:00:36
Алматы
+12°

17 Маусым, 2013

«Куә бол» студиясы – Қытайдағы қандастарымыздың қуанышына куә болып келеді

«Куә бол» студиясы – көптің көз айымына айналып жүрген Қытайдағы ірі өнер орталығы. Сондағы қандастарымыз құрған компания бүгінде керегесін кеңге жайып келеді....

«Куә бол» студиясы – көптің көз айымына айналып жүрген Қытайдағы ірі өнер орталығы. Сондағы қандастарымыз құрған компания бүгінде керегесін кеңге жайып келеді. Жұмысын жас жұбайлардың той суретін түсіруден бастаған орталық бұл күнде бейнебаяндар мен фильмдерді де түсіріп жүр екен.

«Куә бол» студиясы 2009 жылы сәуір айында өз жұмысын бастаған,-дейді орталықты құрушы Ықылас Оразбайұлы. Содан бері қаншама жас жұбайлардың сәтті де, тәтті некесіне куә болып, ақ отаулардың төрінде әдемі туындыларымен жарқырап, алтын альбомдармен қастерленген студия фильм түсірумен де айналысып келеді екен. Әсіресе, Қытайдағы ең үлкен қазақ телеарнасы – Шыңжаң телеарнасының «Жолаушы», «Ауыл аясында», «Гүлдер-ай», «Бәйтерек», «Жұлдызды сәт» және «Шашу» сияқты көптеген бағдарламаларын түсіріп, барлық технткалық жұмыстарын да істеп жүр. Сонымен қатар, Шыңжаң көлемінде өтетін үлкен концерттердің басы-қасында жүретін студия қызметкерлері сахналық безендіруді де сәтті орындауда. Шыңжаңның түкпір-түкпірінде түсіру жұмыстарымен айналысып келе жатқан топ қазірге дейін 10-нан астам бейнебаянды да дүниеке әкелген. «Куә бол» түсірген бейнебаяндар еліміз телеарналарында да жұрт назарына ұсынылып үлгерген. Дәлел ретінде ҚР Қорғаныс министрлігі орталық ансамблінің көркемдік жетекшісі, әнші, сазгер Ермұрап Зейіпханұлының «Ғапыл дүние» атты бейне баянын атауға болады. 10-ға тарта қызметкері ғана бар орталықтың көтеріп жүрген жүгі ауыр. Қазірге дейін 1000-ға жуық шәкірт тәрбиелеген студия Қытайдағы ғана емес, Қазақстан, Моңғолия елдерінде де өз орталықтарын ашуда. «Алдағы уақытта біз Қытайдағы қазақ өмірін бейнелейтін деректі фильмдер және көркем фильмдер түсірсек, мультфильмдер жасасақ деген мақсатта жұмыс жасап жатырмыз. Керегемізді кеңге жайып, өркендеп, болашақта атажұртқа барып ірге тепсек дегенді де көздеп отырмыз»,- дейді «Куә бол» компаниясының директоры Ықылас Оразбайұлы.

Майгүл СҰЛТАН, BAQ.KZ

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір