24 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар
Ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметте одан әрі табыстар тіледі.
Әзербайжан президентінің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалай отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделілігін қуаттады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір