• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:15:18
Алматы
+12°

Мысырда жұмбақ жағдайда көз жұмған Қазақстан елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың денесі елге Жаңа жылға дейін жеткізіледі. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып. 

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден Еламан Жолдасовтың денесі елге қашан жеткізілетінін сұрады.

"Жаңа жылға дейін, осы аптаның соңы немесе келесі аптада денесі елге жеткізіледі деп отырмыз", - деді Тілеуберді.

Министрдің айтуынша, елшілік қызметкерінің жұмбақ өліміне қатысты тергеу әлі аяқталмаған. Тергеу нәтижесі қазақстандық тарапқа берілген жоқ.

"Күте тұрайық. Тергеу материалдары қазір Мысырдың бас прокуратурасында, сол елдің сыртқы істер министрлігі арқылы бізге беріледі", - деді ол.

Тілеубердінің сөзінше, елшілік қызметкерінің неден қаза болғанын айту қазір қиын.

"Бірақ, суицид ең бірінші версия ретінде қарастырылып жатыр", - деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір