19 Желтоқсан, 2019 Саясат
mgimo.ru
Қазақстанның Ресейдегі елшісінің міндетін кеңесші-елші Нұржан Қаджиакбаров атқарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді хабарлады.
"Мен кеше арнайы бұйрыққа қол қойдым. Нұржан Каджиакбаров, елшіліктің екінші адамы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы уақытша сенімді өкілі. Ол елшілікте жұмыс істеді және жаңа елші тағайындалғанға дейін қызмет етеді", - деді министр.
Министр Тасмағамбетовтің қызметтен кетуіне байланысты пікір білдірді.
"Ол зейнет жасына шыққан соң өз еркімен жұмыстан босатылды. Сондықтан менің түсінуімше, ол СІМ жүйесінде қалмайды" , -деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір