• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:10:21
+12°

17 Желтоқсан, 2019 NEWS

Экс-президент өлім жазасына кесілді

Үкімді үш адамнан тұратын арнайы сот алқасы шығаран. Олардың екеуі өлім жазасына кесу үкімін қолдап дауыс берген.

Ria.ru

Мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталған Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф өлім жасына кесілді. Бұл туралы Samaa телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости хабарлады. 

Мушаррафқа үкімді үш адамнан тұратын арнайы сот алқасы шығаран. Олардың екеуі өлім жазасына кесу үкімін қолдап дауыс берген.

Тергеушілердің мәліметі бойынша, 2001 жылдан 2008 жылдар аралығында Пәкістан президенті қызметін атқарған Мушарраф 2007 жылы төтенше жағдай енгізіп, Жоғарғы сот мүшелерін тұтқындауға бұйрық берген кезде мемлекетке опасыздық жасаған. Мушаррафқа қарсы қылмыстық іс 2013 жылы Пәкістан үкіметінің бастамасымен қозғалған.

2016 жылдың наурыз айында Жоғарғы сот экс-президентті елден кетуге тыйым салынған адамдар тізімінен алып тастағаннан кейін 72 жастағы Мушарраф БАӘ-ге емделуге кеткен. Содан бері ол Дубайда тұрып жатыр. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, Мушарраф сот шешімінен қашып жүр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір