09 Желтоқсан, 2019 NEWS
toppress.kz
2020 жылы төменгі күнкөріс деңгейі 31,2 мың теңге, ең төменгі еңбекақы 42 500 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 38 636 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lsm.kz сайтының дерегін негізге алып.
Үкімет бекіткен төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері бір бөлмелі пәтерді жалдауға да жетпейді.
Ауданы 33 шаршы метрлік құны 6,5 млн теңге тұратын пәтерді сатып алу үшін аталмыш жалақыны ешқайда жаратпастан кем дегенде 12 жыл жинау қажет. Зейнеткерлерге аталмыш пәтерге қол жеткізу үшін 14 жыл жинауға тура келеді.
Бағасы 3,2 млн теңге тұратын Қазақстанда құрастырылған автокөлікті сатып алу үшін жалақыны 6 жыл, зейнетақыны 7 жыл жинау керек болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір