• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:01:14
Алматы
+12°

Мәжілістің жалпы отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұл заң жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына қатысты алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Сондықтан екінші оқылымға дейін тағы да жан-жақты толықтырып, педагогтың барлық талаптарына сай келетін сапалы құжат қабылдаймыз деп сенім білдіремін", –  деп мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті.

Еске салсақ, жаңа заң жобасы 4 бағытты қамтиды.

Бірінші – ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту болса, екінші –  мұғалім қызметіне қоятын талаптарды күшейту. Ал үшінші – материалдық емес тетіктер және төртінші – материалдық ынталандыру.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір