21 Қараша, 2019 Әдебиет
9 желтоқсан кешкі сағат 18:00-де Алматы қаласы Мұхтар Әуезов драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-филосов Дидар Амантайдың шығармашылық кеші өтеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Дидар Амантай 1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ол жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының бас редакторы.
Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» ( романдар, повестер, әңгімелер, эсселер 2000), «Гүл мен кітаптар» (Роман, 2003), «Күзгі рандеву» (повесть-әңгіме 2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев», «Қасым Аманжолов», «Жүсіпбек Елебеков», «Мұқтар Мағауин» деректі фильмдердің, «Гәкку» («ФЭФ») «А-ға оралу» көркем фильмдерінің «Қарсы бақылау» телесериалының сценариін жазған.
2010 жылы бес томдық шығармалар жинағының бірінші томы — «Қарқаралы басында» атты кітабы баспа жүзін көреді. Қазір «Махамбет философиясы» атты екінші томы дайындалу үстіндеДидар Амантайдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір