06 Қараша, 2019 NEWS
Тәжік-өзбек шекарасына шабуыл жасағандар Ауғанстаннан өткен ДАИШ содырлары екені белгілі болды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, РИА Новости -ге сілтеме жасап.
Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) шекара күзеті бөлімінің баспасөз қызметінінің мәлімдеуінше, 3 қарашада 20 содыр Шаартуз шекара жасағынан Кубодиен аумағына өтіп, бей-берекетсіздік орнатып тәжік жерінде жарылыс ұйымдастырмақ болған.
Еске салсақ, түнде 20 адамнан құралған, бетперде киген топ ұрыс қаруымен Өзбекстанмен шекарада, Душанбенің батысынан 60 шақырым жердегі "Сұлтанабад" шекара жасағы әскери бөлімінің № 4 "Ишкобод" шекара бекетіне шабуыл жасаған.
Шабуыл барысында белгісіз топ 5 автоматты алып үлгерген.
–Күш құрылымының операциясы барысында қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды. Қарулы қақтығыста шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер қаза тапты, – деді Тәжікстан ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитетіндегілер.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір