23 Қазан, 2019 Барлық аймақтар
Түркістан қаласында ақылды бейнекамералар орнатылды. Олар қаладағы көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті бақылайтын болады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Отырарға сілтеме жасап.
Аталмыш камераның артықшылығы – күдік тудыратын азаматтардың жеке басын анықтап және автоматты түрде базаға тіркейді.
Бүгінге дейін Түркістан қаласындағы көшелерде 77 ақылды камера орнатылған. Жыл соңына дейін олардың санын 500-ге жеткізу көзделіп отыр. Мамандар одан өзге облыс орталығында "Сергек" камералары да орнатылғанын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір