21 Қазан, 2019 NEWS
Жаңаөзенде қалалық соттың судьясы пара алғаны үшін сотталды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Хаттаманың мәліметіне сүйенсек, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы А.С.Сейлхановаға және қала әкімдігінің ТКШ бас маманы А.Е. Ақназаровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Дереккөзде, Сейлханова Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің талап арызын қараусыз қалдыру туралы өкім шығарғаны үшін Ақназаров А.Е. арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Аталған фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі қауіпсіздік және Жоғарғы Соттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтады.
Қылмыстық іс бойынша Ақтау қалалық сотының үкімімен Сейлханова сотталып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Одан өзге сот үкімімен Ақназаров та сотталып, 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Сондай-ақ сотталғандардың мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылғаны жазылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір