18 Қазан, 2019 NEWS
Жуырда бензиннің барлық түрі қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мәжіліс отырысында мәлімдеді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ведомство басшысы оны акциз құнының өсуімен байланыстырды. Қазір 8 теңге болса, алдағы уақытта 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өсім 6 пайызды құрамақ. Бұл бензиннің барлық түріне қатысты. Жоба 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілмек.
"Бүгінде АИ-92 шамамен 150 теңге, кей жерлерде бір литрі 149-152 теңге. Көрші елдермен салыстырғанда бұл өте аз. Бензин құнының жартысына жуығы акциз болса, бізде тек 8 теңге. Баға ары кетсе 10 теңгеге өсуі мүмкін. Екі есе өспейді", – деді Руслан Дәленов Мәжіліс қабырғасында. Осы уақытқа дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев көрші елдермен салыстырғанда отандық жанар-жағармайдың құны арзан болғандықтан, шекара асып жатқанын айтқан еді. Сондықтанда бензин бағасы кезең-кезеңімен шекаралас мемлекеттермен теңесетінін жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір