Маусым айында Қазақстандағы президент сайлауы қарсаңында белсенділігімен көзге түсіп, кейін іс-түссіз жоғалып кеткен актер Әнуар Нұрпейісов 14 қазан күні You Tube-тағы жеке арнасына видео жүктеген болатын. 12 минуттық бейнероликте актер Шри-Ланка мемлекетінде туризм саласында еңбек етуді бастағанын жайлы мәлімдеме жасаған.
Алайда президенттік сайлаудан кейінгі төрт айда қайда жүргенін және немен айналысқаны туралы айтпаған болатын.
Актермен жақын араласқан әріптесі, «Мен ояндым» жобасына бірге қатысып, қолдау білдірген актриса Айсұлу Әзімбаева: «Біз онымен Шри-Ланкаға кетерден үш күн бұрын кездестік. Бұл шамамен екі апта бұрын болатын. Негізі көктемде ол елден кеткісі келетінін айтқан. Әркімнің өз таңдауы бар. Сондықтан мен оны қолдадым. Өкініштісі, ол – елде өзгеріс болғанын қалайтындардың ішінде ойын ашық айтқан жастардың біреуі еді. Бірақ тиісті органдар оны дұрыс түсінген жоқ. Ата-анасы Қазақстанда, өзі үйленбеген. Мен онымен өте жақын араластым, бірақ ол қандайда бір саяси тапсырмалар орындады деген айыптауларға сенбеймін», – деп өз пікірін білдірді. Бұл туралы Азаттық Рухы журналистіне берген сұхбатында мәлімдеген.
Актрисаның сөзінше, Әнуар Нұрпейісов Шри-Ланкаға екі апта бұрын ғана кеткен. Ал төрт айда қайда болғанын және немен айналысқаны жөнінде өзінің де білмейтінін жеткізді.
Оқи отырыңыз:
♦ Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір