17 Қазан, 2019 NEWS
ҰҚК өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп "Жусан" операциясы шеңберінде Сириядан 595 қазақстандықты елге қайтарды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Деректерге сүйенсек, 400-ден астамы балалар. Елге қайтарылған адамдардардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу дерегі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған.
"Тергеу нұсқасы бойынша Сирияда ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты "әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады" деген айып тағылды", – дейді ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали.
Комитет мәлімдеуінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір