• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:19:12
Алматы
+12°

14 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, «азаматтық қоғам» дегеніміз...» деп ары қарай жалғастырып кете беруге болады. Бірақ мәселе мынада: біз оны қалай түсінеміз? Әрине, көп ретте сарапшылар мұны екі нәрсеге бөлетіні жасырын емес. Атап айтар болсақ, жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Рас, жеке адамның мүддесінің қандай болатыны түсінікті. Ол әрине өмірлік мақсаттарға жету, мамандық алу, үйлену, бақуатты өмір сүру секілді тұрмыстық жеке мақсат-мүдделерді құрауы мүмкін. Ал қоғамның мүддесі ше? Негізі қоғамның мүддесі жеке мүддеден биік тұруы қажет.  Ал қоғам мүддесі деген не?

Ол - анығына келгенде, мемлекеттің қалыптасуы. Кез келген адам қоғамда болып жатқан процестерге бей-жай қарамауы тиіс.  Ол қандай процестер болуы мүмкін?

Біздің өмірден түйген топшылауымызды таразыға салар болсақ,  жеке дара адам  болып жатқан оқиғаларға қоғамдық-саяси көзқарасын білдіргенімен, соншалықты нәтижеге жете алмауы мүмкін. Сол үшін не істеуі керек? Мұнан шығатын тұжырым: Адамдар  топтасып, қоғамдық бірлестіктер, қозғалыстар немесе мүдделері мен көзқарастары бір-біріне жақын партия құруы мүмкін. Мұндай жағдайда, тарихтан көрініп тұрғандай адамдардың жеке мүддесі қоғам мүддесіне ұласады. Ал азаматтар қоғам мүддесі үшін ортақ көзқараспен жұмыс істеген жағдайда мемлекет те дамиды, демократиялық құндылықтар да нығаяды.

Жеке тұлға негізі топтасқан азаматтарды соңынан ертуі мүмкін. Бірақ мұның барлығы заң аясында өрбіп, дамып жатса, онда демократиялық құндылықтардың дамығаны. Адамдардың саналы түрде ортақ мақсатқа бірігуі қоғамда азаматтық белсенділіктің артуына себепкер болады. Ал азаматтық белсенділіктің артуы қоғамның, мемлекеттің құқықтық тұрғыда дамуына алып келеді.

Жалпы біздің Конституциямызда басты міндет етіп, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру керектігі тайға таңба басқандай айқын көрсетілген.  Бұл мемлекет үшін, жалпы биліктегі мемлекеттік қызметкерлерге қатысты және үлкен жауапкершілігі бар құндылық. Ата Заңымызды Қазақстанда тұратын азаматтардың саяси ой-еркін бостандығы мен құқықтары, бәрі атап көрсетілген. АтаЗаң азаматтардың еркін өмір сүруіне кепілдік беріп отыр. Сондықтан да азаматтық қоғамның қалыптасып, нығаюына ең алдымен азаматтардың өздері  себепкер бола алады.

Азаматтардың қозғалыс, бірлестік немесе партия құрып өз көзқарасын білдіруі немесе халық пен мемлекет арасындағы қарым қатынас, мұның барлығы азаматтық қоғамның негізгі белгілерінің бірі. Бірақ қалай айтқанда азаматтардың саяси мәдениеті заң шеңберінен асып кетпеуі керек. Сонда ғана біз зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет құра аламыз. Конституция атап көрсетілгендей, «ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Ал мемлекет қашан да тұрақты түрде азаматтардың еркін әрі қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етіп отырады. Сондықтан азаматтық қоғам мен мемлекет бір-бірін толықтырып қатар дамып отырса, елдің іргесі бекиді, тәуелсіздік нығаяды.

.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір