14 Қазан, 2019 Барлық аймақтар
Биылғы жылдың сегіз айында Қазақстаннан 31 мың 287 адам көшіп кетсе, елге 7 мың 420 адам қоныс аударған. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.
Комитететтің дерегінше, 2019 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикада көші-қонның теріс сальдосы 23 мың 867 адамды құрады. Өткен жылдың осы мерзімінде (қаңтар-тамыз айларында) бұл көрсеткіш 27 мың 737 адам еді.
2019 жылғы тамызда Қазақстан халқы 18,6 мың адамға көбейді және 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 18 млн 547,5 мың адамды құрады. Қазақстан халқының табиғи өсімі қаңтар-тамыз айларында 175 мың 776 адамға тең болды. (2018 жылғы қаңтар-тамызда - 173 мың 709 адам).
Алғашқы сегіз айда елде 265 мың 286 бала туса, (2018 жылдың 8 айында 261 мың 723) 89 мың 510 адам (2018 жылдың 8 айында 88 мың 14) қайтыс болған. Сонымен қатар, статистика комитеті қаңтар-тамыз айларында 89 510 неке қиылып, 40 мың 21 отбасы ресми түрде ажырасқанын хабарлады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір