14 Қазан, 2019 NEWS
Қазақстанның ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев үкімет отырысында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуына қатысты пікір білдірді. Ол барлығы заңға сәйкес болғанын айтты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
«Ол пробациялық қызметтің бақылауында болады. Ол бастапқы үкімге шағымданған. Маған белгілісі, оның жаза мерзімі 4,8 жылға азайтылған. Оның үштен екісін өтеді. Бір жылдан көбірек уақыт қалған болатын. Мұндай жаза түрі анағұрлым жеңіліне өзгертілді», - дейді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Өз сөзінде ол Қуандық Бишімбаевтың кінәсін толықтай мойындағанын растады. Сонымен қатар бұрынғы ұлттық экономика министрінің мемлекет алдындағы қарызын өтегеніне сенімділік білдірді.
«Егер залал болса және Жоғарғы сот осындай шешім қабылдаса, демек Бишімбаев өтемеген материалдық залал қалған жоқ. Бұған дейін Жоғарғы сот аталған іске қатысты мән-жайды түсіндірген еді. Жоғарғы соттың шешіміне қатысты пікір білдіруге құқым мен құзыретім жоқ. Барлығы заңға сәйкес болды», – дейді Қожаев.
Еске салсақ, экс ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал жуырда ғана Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір