• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:15:29
Алматы
+12°

Қазақстан-Қытай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі anticorruption.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдың 11 қазанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР мемлекеттік қадағалау комиссиясының төрағасы ЯН Сяодамен кездесті.

Кездесу барысында Агенттік Төрағасы қытайлық әріптесін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ережелері, Агенттіктің қызметі туралы хабардар етті.

Қытай делегациясының басшысы Агенттіктің қызметіне оң баға берді және өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы МҚК жұмысы мен қол жеткізген нәтижелері туралы айтты.

Тиімді әріптестікті орнату мақсатында тараптар Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, ол бірлескен жобаларды іске асыруды жандандыруға, ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кездесу аясында Агенттік қызметкерлерін ҚХР Тәртіптік бақылау және қадағалау академиясында оқыту, сондай-ақ аталған академияның Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

Анықтама: Мемлекеттік қадағалау комиссиясы (МҚК) тергеу және тергеу әрекеттерін жүргізу өкілеттігіне ие. МҚК-ға ҚХР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бақылау министрлігі мен мемлекеттік басқармасы кірді. ҚХР Конституциясына енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес МҚК органдары мемлекеттік билікті білдіретін барлық қызметкерлерді қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті болады. Бұл қадағалау органдарының Халық Өкілдері Жиналысының (ХӨЖ) мүшелерін де бақылайтынын, сонымен қатар ХӨЖ депутаттары қадағалау органдарының өз міндеттерін адал атқаратындығын анықтайды, бұл қос қадағалау тетігін қалыптастырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір