• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:05:28
Алматы
+12°

11 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

Тоқаев ТМД үшін "достастық визасын" енгізуді ұсынды

Бірыңғай виза құру ТМД елдеріндегі туризмнің дамуына ықпал етуші еді, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "шенген" сияқты ТМД елдерінде бірыңғай виза енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Мемлекет басшысы бұл туралы Ашхабадта ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында мәлімдегенін Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Өкінішке қарай, ұлттық виза және көші-қон режимдерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Олар ТМД-дағы бірнеше елге бірден барғысы келетін шетелдік туристер үшін қолайсыздық туғызуда. Мен бұл өте қиын екенін түсінемін.  Дегенмен ТМД аумағында шенген келісімі тәрізді "достастық визасы" деген шартты атаумен бірыңғай режим енгізу мәселесін қарауды ойлану керек шығар", –деп ұсынды Тоқаев.  

Оның айтуынша, мұндай виза достастық елдеріндегі туризмнің дамуына ықпал етеді.

Тоқаев әрбір елде әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тарта алатын өзінің ерекше табиғи және тарихи нысандары бар екенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір