• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:18:01
Алматы
+12°

11 Қазан, 2019

Елімізде 500-ге тарта ауылдың ертеңі бұлыңғыр

Себебі ол жерлерде халық саны 500 адамнан аз. Ал халық саны 50-ден аспайтын 500-ге тарта елді-мекен бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz ақпарын негізге алып.  

Себебі ол жерлерде халық саны 500 адамнан аз. Ал халық саны 50-ден аспайтын 500-ге тарта елді-мекен бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz ақпарын негізге алып.  

Бірер күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз ішкі миграцияны бақылауды күшейтуіміз керек. Бұлай жалғаса берсе, жағдай қиындайды. Мен өзімнің Халыққа жолдауымда «қалалардағы халық санының көптігі – мақтаныш емес, бұл шешілуі тиіс мәселе» деген болатын.

Елімізде ішкі миграция ақсап тұр. Неге? Мәселен «Ауыл – ел бесігі», «Дипломмен ауылға», «Серпін» сияқты түрлі бағдарламалар қолға алынды. Алайда нәтижесі шамалы сияқты. Мысалы, дипломмен ауылға барған мамандар келісім-шарт бойынша жұмыстарын істеп, уақыттары аяқталғанда бірден қалаға қашады.

«Нұр-Сұлтанның мүмкіндігі шексіз емес. Соны ескеру керек. Кез-келген адам елордада тұрып, білім алғысы келеді. Бірақ үйсіз, күйсіз астанада өмір сұру қиын. Әрине, біз ешкімге тыйым сала алмаймыз. Алайда қай жерде жақсы жағдай барын түсіндіру шараларын жүргізу қажет», – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Әрбір саланың өз стандарттары бар. Мысалы, егер бала саны 15-тен төмен болса, ол ауылда бастауыш мектеп жабылады. Сол себепті, дамымай отырған ауылдарда әлеуметтік нысандарды салудың қажеті жоқ. Себебі ол жерге 200-300 млн теңге тұратын су жүйелерін тартуға мүмкіндік  жоқ екен. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір