• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:26:36
Алматы
+12°

07 Қазан, 2019 NEWS

Жақсылық Досқалиев: Түрмеде жалғыз қалу – ең ауыр жаза!

Профессор Жақсылық Досқалиев темір торға қамалғандағы сәті туралы айтып берді

Медицина ғылымының докторы Жақсылық Досқалиев темір торға қамалғандағы жан айхайы туралы айтып берді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат Ұлттық арнасының «Тұлға» атты деректі фильміне сілтеме жасап.

«Жалғыз өзім бір камерада сегіз ай отырдым. Сол жалғыздық маған өтіп кетті. Тіпті, өтіп кеткені соншалық, торғайлармен әңгімелесетін болдым. Кейбір айтып жүрген сөздерді де ұмыттым. Қорлық деуге де, адамға сын деуге де болады. Ең жаманы – сол жалғыздық. Түрмеде жалғыз қалу – ең ауыр жаза. Қазақ «Жалғыздың үні шықпас» деп бекер айтпаған. Солай деп түсінемін", - дейді профессор.

Жақсылық Ақмырзаұлына ауыр соққы болды. Бойдағы ерік пен жігері азаматты тұрғызды. Сол сәтте қастық қылғандар табалағанымен, азаматтың біліктілігіне кір келтіре алмады.

"Қиындық кезінде қасында болдық. Өзгертті. Жалпы өмірге көзқарасы өзгерді. Көрінген адамға сенбейді. Маған да дос ретінде "Бұл заманда ешкімге сенуге болмайды" деп ақыл-кеңесін айтады", - дейді досы Р. Арыстан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір