02 Қазан, 2019 NEWS
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 млрд доллар
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 млрд доллардан, яғни, 15 трлн теңгеден асып кетті, деп жазады «Qamshy.kz» ақпарат агентігі.
Еліміздің мемлекеттік қарызы ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 15 трлн теңгені құрайды. Қазіргі теңгенің долларға қатысты бағамына сәйкес, мемлекет қарызы 40 млрд доллар.
Ведомствоның нақтыланған ақпараты бойынша 12 трлн теңге (31 млрд доллар) үкіметтік қарыз: ішкі – 6,7 трлн теңге (17 млрд доллар), сыртқы – 5,4 трлн теңге (14 млрд доллар).
Қаржы министрлігінде үкіметтік қарыз республикалық бюджет қаражатынан өтелетінін атап өтті.
Бүгінде Қазақстанға тек Грузия қарыз. Бұл сома 25,4 млн долларды құрап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың наурыз айында республиканың кумулятивті мемлекеттік қарызы 14,8 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға артық.
Tengrinews.kz
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір