• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:39:35
Алматы
+12°

02 Қазан, 2019 Ұлт болмысы

"Томиристі" Ресейге апарып көрсетіңіз, Сатаев мырза!

Үш миллиардқа жуық қаржы жұмсалған "Оскар" жүлдесіне ұсынуға ниетті Сатаевтың тарихи фильмін ана тілімізде қай күні көреміз?

27 қыркүйекте "Қазақфильм" киностудиясы тапсырысымен түсірілген режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі көрерменге жол тартты. Тарихи туынды үш айдан астам уақытта түсіріліп, жобаны шығару кезеңі екі жарым жылға созылған. Нақтылай дерекке сүйенсек, картинаны түсіру жұмыстары 2017 жылы желтоқсан айында Алматы облысы Заречный ауылының маңында басталған.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев фильмді түсіруге  2 млрд 259 млн теңге жұмсалғанын айтып өтті.

Туындыға Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Мұрат Бисембин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Айжан Лайджи, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпековтер түскен. Ал Кирдің рөліне Голливуд актері Гасан Масуд шақырылған.

Көптен сағына күткен туынды көңілімізді күпті етті. Қазан басталса да, қыркүйекте көршінің тілінде тұсауы кесілген фильмді мемлекеттік тілде көру бақытына ие бола алмадық. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі кинотеатрлардағы "Томиристің" қазақша сеанстарына зерттеу жасады. 

Алып Алматының кинотеатрында 1 қазанда 200-ден аса сеанстың алтауы ғана төл тілімізде көрсетілсе, 2 қазан күнгі кесте бойынша 261 сеанстың сегізі ғана қазақ тілінде көрсетілмек. Ал көрсетілім уақыттары мүлдем көруге қолайсыз. Мысалы, «Kinopark 11 (Есентай) IMAX» кинотеатрында сағат 13:10-да, "Kinoplexx Sary Arka»-да сағат 13:30-да деп көрсетілсе, ең соңғы сеанс 19:20-да деп жазылған. Кептеліске шырмалған халық үйіне жете алмай әуре-сарсаң боп жүрген сәтте фильмді көре алмасы анық. Ең сорақысы, қазақша сеанстардың билеттерін онлайн сатып алу тетігі жұмыс жасамай тұр.

Журналист Қарашаш Есенбайдың фейсбук парақшасындағы жазбасы Томиристің қазақша көрсетілетін сеансының өзі көзден бұлбұлдай ұшқанының  дәлелі болмақ.

Үш миллиардқа жуық қаржы жұмсалған "Оскар" жүлдесіне ұсынуға ниетті Сатаевтың тарихи фильмін ана тілімізде қай күні көреміз?  

Қазақ тарихына қатысты фильмнің қазаққа қазақ тілінде көрсетілмеуі – тіл мен ұлтқа жасалған қиянат.  Ел боламын десең, экраныңды түзе!

Ақтолқын Тажикова

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір