• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:08:56
Алматы
+12°

01 Қазан, 2019

Көп балалы аналар да ҰБТ тапсырып, квота ала алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпбалалы аналарға квотамен грант беру бастамасын түсіндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан тілшісінің дерегіне сүйене отырып. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сөзінше көп  балалы ана да  мүгедек мен жетім балаларға берілетін квотаны алуға құқылы болады. 

"Енді, бүгінде бұл квотаға үлкен сұраныс жоқ. Бірақ көпбалалы аналармен кездескенде осындай ұсыныстар түскен. Жалпы, қазір көпбалалы аналарды жұмысқа тартуымыз керек, оларға білім беруіміз керек деп айтып жатырмыз ғой. Сондықтан осы тұрғыда көпбалалы аналар оқимыз десе, біз ондай мүмкіндік беруге дайынбыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Көп балалы ана ҰБТ тапсырып, шектік бал алғаннан кейін грант үшін басқа да үміткерлермен бірге байқауға түсетін болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір