27 Қыркүйек, 2019
Ақан Сатаев: Саясат пен өнерді араластырмаймыз
Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмі жалпыұлттық прокатқа шықты. Осыған орай Алматыдағы Республика сарайында салтанатты түрде тұсаукесер рәсімі өтіп, баспасөз отырысы ұйымдастырылды.
Ақан Сатаев "Тарихи фильмге VI ғасырда болған оқиғалар арқау болған. Бұл жерде тарихты бұрмалау орын алмады. Фильмнің сценарийі Геродоттың деректеріне сүйене отырып, тарихи материалдар мен ғалым-кеңесшілер мағлұматы негізінде жазылды" – деп айтты өз сөзінде.
БАҚ өкілдерінің "фильмнің алғашқы көрсетілімі неліктен қазақ тілінде өткізілмеді" деген сұрағына Ақан Сатаев "Қандай туынды болмасын саясат пен өнерді араластырмаймыз. Бізде фильмнің қазақша нұсқасы толығымен бар. Алайда "Қазақфильм" премьераны "орыс тілінде, қазақ тіліндегі аудармасын қосып көрсетеміз" деген шешім қабылдады" деп жауап берді.
Томирис рөлін сомдау үшін өткізілген кастингтен сүрінбей өтіп, басты кейіпкерді сомдаған Альмира Тұрсын "Бұл рөлді сомдау мен үшін үлкен бақыт. Шығармашылық жолым Томирис рөлінен басталғаны үшін қуаныштымын" деген жүрекжарды лебізін білдірді.
"Рөлді ерекше махаббатпен орындағандықтан да қиыншылық сезілмеді. Актерлермен бірге "Nomad" жаттықтыру лагеріндегі ауқымды дайындықтан өттік. Содан алған тәжірибенің арқасында көптеген қиындықты еңсере алдық, – дейді 15 жастағы Томиристің рөлін ойнаған Салтанат Серкебаева.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір