Қаржы министрлігі жер және мүлік салығын 1-інші қазаннан кешіктірмей төлеу керек екенін ескертеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.бюро сайтының дерегіне негізделіп.
ҚР Қаржы министрлігі жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар: "Жер және мүлік салығы төлеу 1 қазаннан кешіктірілмеуі тиіс. 19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS-хабарламалар қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) жіберіліп жатыр", – деп мәлімдеме жасады.
Жіберілген SMS-хабарламада көрсетілген мүлік салығы мен жер салығының сомасына:
- 2018 жылға есептелген салықтары;
- 2019 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қосылған.
Салық туралы хабарлама 3 түрлі тәсілмен орындалады.
- SMS-хабарламасы арқылы;
- коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің курьерлік қызметі арқылы;
- egov.kz, яғни "Салық төлеушілер кабинеті" қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір