• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:57:15
Алматы
+12°

23 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Түрікмен халқы президенттің "Алабай" атты кітабын алты күн тойлады

Кітапты өзі жазды ма, өзгелер жазып берді ме, ол енді басқа әңгіме.

Түрікмен елі алты күннен бері Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың «Түрікмен алабайы» атты  кітабын тойлап жатыр. Осыған байланысты елдің әр түкпірінде салтанатты жағдайда іс-шаралар өтуде.

Ең алдымен аталған кітаптың тұсаукесері Министрлер кабинетінде өтіп,  Президент министрлерге туындысын сыйға тартты. Содан кейін Президент алабай  туралы жазған өз өлеңін оқыды.

Алабай

Одан кейінгі шара елдің салтанатты сарайында өтті. Оған елдің мақтаулы азаматтары арнайы шақырылды. Осы іс-шарада Президенттің сөзіне жазылған «Түрікмен алабайы» атты  ән орындалды. Үшінші күні Қоғамдық ұйымның орталығында  өткен жиында сөз сөйлегендер Президент жазған «Түрікмен алабайы»  мен Бердімұхамедов қолтаңбасының ерекшілігіне тоқталды. Оған елдегі барлық министрлер, партия мүшелері, БАҚ өкілдері мен аудандық деңгейдегі депутаттарға дейін қатысты.  

Төртінші күні Президент Гурбангулы Бердімұхамедов Сыртқы істер министрлігінде бүкіл елшілерді жинап, алабай итінің артықшылықтары туралы сөз етті.

Бесінші күні Ауыл шаруашылығы кешенінің конференц залына жиналғандар елдегі ауыл шаруашылығы саласының барлық мамандары тағы да Бердімұхамедовтың түрікмен халқына берері көп екенін айтып тарасты.

Алабай иті

Ал алтыншы күні Президенттің баласы Ахал уалаятының хокимі Сердар Бердімұхамедов алабай тұқымын өсіретін арнайы шаруашылықтың ашылғанын жария етті. Сөйтіп, Гурбангулы Бердімұхамовтың шабармандары алты күн бойы көреген басшының  түрікмен алабайының артықшылығы туралы  жазған кітабын жыр қылды.

Ал Гурбангулы Бердімұхамедов бұл кітапты 2 ай 18 күн жазған көрінеді.

...Кітапты өзі жазды ма, өзгелер жазып берді ме, ол енді басқа әңгіме.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір