15 Қыркүйек, 2019 Спорт
Қазақстандық жас боксшы америкалықты нокаутпен жеңді (видео)
Ол кәсіпқой рингте екі чемпиондық белбеу жеңіп үлгерген
Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізіп, америкалық боксшы Исидро Очоаны техникалық нокаутпен жеңді.
Қазақстандық боксшы (6-0, 5 КО) екінші жеңіл салмақтағы америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Харсан бесінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал кейін үзілісте америкалықтың бапкері жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Ескендір кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, ал Очаоа алғаш рет жеңіліп қалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір