• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:54:39
Алматы
+12°

«Теңізшевройл» компаниясы  «Гидробиология және экология институты» және «ЭкоМаңғыстау» ұйымымен бірлесіп Каспий теңізіндегі лақтырылған ауларды жинау бойынша жобаны іске қоспақ. Бұл туралы жоғарыда аталған екі ұйымның директоры  - Миірғали Баймұқанов пен Кирилл Осин мәлім етті.

-“Лақтырылған аулар балықтарды қоса алғанда, итбалықтардың, сондай-ақ теңіз жағалауында демалып жатқан адамдардың да өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осы қауіпті факторларды ескертуге және жоюға бағытталған шараны іске асыру Каспий итбалығының популяциясын және жалпы теңіздегі  биоалуантүрлілікті сақтауда  пайда әкеледі деп күтілуде» – дейді «Гидробиология және экология институтының» директоры Миірғали Баймұқанов.

Мамандардың айтуынша, лақтырылған аулар мен қоқыстар итбалықтардың өліміне негізгі себепші факторлардың бірі.  Тасталған ау қалдықтары итбалықтардың денесіне жабысып, зақым келтіреді, соңында олардың өліміне алып келетін жағдайлар тіркелген.  Бұған 2015-2018 жыл аралығы  Каспий теңізіндегі итбалықтарға жүргізілген зерттеу барысы дәлел. Мониторинг өзге де қалдықтардың көптеп тасталынатынын көрсеткен. 

Жоба  2019-2021 жылдар аралығы іске асырылады. Осы уақыт аралығында ҮЕҰ командасы мен өзге де тараптар  теңіз сүтқоректілерін құтқарушыларды дайындау  курстарына қатысып, итбалықтарды және бекіре тұқымдас балықтарды аулардан құтқару әдіс-тәсілдерін үйренбек. Каспий теңізінің жағалық сызығын және су бөлігін тазарту бойынша кең науқан өткізіледі. Сондай-ақ, Каспий теңізі жағалауының қазақстандық бөлігіне  мониторинг жасау, теңізді лақтырылған және иесіз аулардан тазарту үшін мүдделі тараптарға жедел ақпарат ұсыну, жараланған итбалықтарға санақ жүргізу және оларды қорғау  жұмыстары да іске аспақ» -  дейді мамандар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір