• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 22:46:29
Алматы
+35°

Актер Нұрлан Әлімжанов Мәжілістің жаңа депутаты ретінде тіркелді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген жоғары міндеттерді адал орындауға ант етемін", - деді Әлімжанов ант беру рәсімінде.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин жаңа депутаттың тіркелгенін мәлімдеді.  "Біздің қатарымызды тағы бір депутат толықтырды.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Nur Otan партиясының мүшесі Нұрлан Әлімжанов партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді", - деді төменгі палата спикері. Әлімжановтың арызы бойынша, депутаттар оны Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына тағайындады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір