• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:35:09
Алматы
+12°

Қытайда күші 5,4 баллдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттың ошағы Сычуань провинциясындағы Нейцзянь қаласынан 1 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте тіркелді. 

Зілзал салдарынан бір адам қаза тапты. Сондай-ақ, 29 адам жараланған.

Кейін Сычуань провинциясының оңтүстік-батысында магнитудасы 4,3 тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала ошағы Вэйюань уезінің Нэйцзян қаласынан 20 шақырым жерде болған. Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 10:36-да тіркелген. Ол 7 шақырым тереңдікте басталған. Ол 16 миллион тұрғыны бар Чэнду қаласынан 140 шақырым, 31 миллион тұрғыны бар Чунцин қаласынан 200 шақырым жерде болды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Вэйюань уезінде бұған дейін бір қуатты жер сілкінісі болған. Алғашқы жер дүмпуінің магнитудасы 5,4 болды, ол таңғы сағат 06:42-де тіркелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір