03 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар
Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті (видео)
"Алматыэлектротранс" жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 8-де Өтеген батыр және Қабдолов көшелерінің қиылысында орын алғанын айтқан.
Бүгін, 3 қыркүйекте Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жол-көлік оқиғасының видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында жарияланған. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Tengrinews.kz сайтының жазуынша, "Алматыэлектротранс" жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 8-де Өтеген батыр және Қабдолов көшелерінің қиылысында орын алғанын айтқан.
"45-ші автобустың жүргізушісі Өтеген батыр көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Қабдолов жағына қарай жүріп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде жаяу жүргінші бірнеше жеңіл жарақат алды. Жедел жәрдем бригадасы шақыртылып, жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр",- деп айтқан компанияның баспасөз қызметі.
"Бұл оқиға Өтеген батыр және Қабдолов көшелерінің қиылысында орын алды. 31 жастағы әйел адам автобус дөңгелдегінің астында қалған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарына Әуезов аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері кірісті. Зардап шеккен әйел адамның дене жарақаттарына медициналық сараптама жүргізілетін болады. Сондай - ақ, қоғамдық көлік жүргізушісімен жол-көлік ережесін бұзуды анықтау мақсатында автотехникалық сараптама жүргізіледі",- деп атап өтті Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір