26 Тамыз, 2019 Оқиғалар
Алматыда белгісіз адамдар үш адамды автокөлікпен қасақана соқты(видео)
Автокөлікке мінгендердің бірі үш адамды қасақана соққан.
Алматыда үш адамды автокөлікпен қасақана соққан видео интернетте қызу талқыланып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталаған видео инстаграм желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланған. Түнгі уақытта түсірілген кадрда бір топ жаяу адамдар автокөлік жүргізушілерімен қақтығысады. Автокөлікке мінгендердің бірі үш адамды қасақана соққан.
"Бұл оқиғаның куәсі болдым. Таңғы сағат 4:00 шамасында төбелес болды, төбелесіп жүргендердің біреуі машинамен үш адамды қағып өтті", - деп жазды куәгер.
"Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде бірден ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша - 345-бабының 2-бөлігі "жол қозғалысы ережелерін бұзу" және 347-бабы "жол-көлік оқиғасы болған жерде қалдыру" және 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелген. Ол Бостандық ауданының полиция басқармасында, сондай-ақ ЖП тергеу басқармасында тергеледі. Күдіктілердің анықталды, қазір оларды ұстау үшін жедел тергеу іс - шаралары жүріп жатыр", -деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір