• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:30:04
Алматы
+12°

04 Тамыз, 2019 NEWS

Қарағанды қаласынан 20 шақырым жерде РТИ деп аталатын қалашық бар. Уағында Чернобыль оқиғасынан кейін бос қалған Припять қаласын еске түсіреді бұл мекен. Біз сөз етіп отырған аймақта жүзден аса биік ғимарат бар. Олардың барлығын зең басып кеткен. Бұл жақта орталық жылыту жүйесі де жоқ. Ал бірен-саран тұрғындар қиын жағдайға еттері өліп кеткен іспетті.

Сонау 1974 жылы Қарағанды облысының Сарань қаласында ССРО көлеміндегі ірі зауыттардың бірі – резиналық техникалық өнімдер зауыты іске қосылған. Қаланы комсомол жастар салған-ды. Зауыттың аты (Резинотехнический изделий) қаланың атына айналған.

1

Аталмыш зауыт ел көлеміндегі техникалық заттар өндіретін ірі өндіріс ошағына айналды. Өз ішінде 25 цехы бар, 887 өнім шығаратын өндіріс ошағының түкірігі жерге түспей тұрған уақыт еді. Зауыт өнімдері ССРО көлемінде де, шекарадан тысқары елдерге де экспортталды.

2

Өндіріс орынында 6000-нан астам адам жұмыс істеген. Біз тақырып етіп отырған қалашық та осы жұмысшылар үшін салынған еді. Қариялардың айтуынша, өз мезгілінде бұл қалашықта ауррухана, кинотеатр, балалар қалашығы, дүкендер болған-мыс. Қалашықтың инфраструктуралық ахуалы өзге қалалардан кем соқпапты.

3

ССРО құлағаннан кейін зауыттан да маза кете бастаған. Өнімдерін экспорттау, өнім өндіру, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру сияқты бағыттардан ақсай бастайды. Құлдыраған зауыт 1994 жылы ресми банкрот жариялап, өмір сүруін тоқтатты.

4

Алып зауыт банкрот болғаннан кейін қалашық халқы зауыт ішінен кішігірім резина техникалық өнімдер жасайтын цех ашқан. Дәл осы кішігірім кәсіп көптің көмейін аштықтан сақтады.

Қалашықтағы өндіріс тоқтаған соң электр жарығымен және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері туындай бастаған. 25 000 адам тұратын қалашықты халық тастап кетті. Қазіргі уақытта бұл жердегі төрт үйде ғана тіршілік бар. Дәл осы төрт үйді 2000 адам жай қылып отыр.

5

6

Қаңыраған үйлер бұл жердегі тұрғындарға қорқыныш тудырмайды екен. «Бұл жерде өмір сүруге болады», - дейді жергілікті тұрғындардың бірі. Сарань қаласына дейін автобус жүріп тұр. Ал Қарағандыға бір жарым сағатта жетуге болады екен.

Бұл қалашықтың халқын ұстап отырған да қаражат мәселесі сияқты. Өйткені, олардың айтар уәждері мынаған саяды: бұл қалашықта пәтерлердің құны бір-екі миллион теңге тұрады. Басқа жерден мұндай ақшаға ештеңе ала алмайсың. Адамдар бәріне үйренеді.

7

Суреттегі қаңыраған ғимараттарда кезінде біреулер өмір сүрді дегенге сену қиын-ақ. Бұл жердегі ғимараттар кей адамдардың ойын алаңына айналып та кеткендей. Ал осындай орындарда, қаладан тыс, полиция назарынан тыс жерде қандай дүниелер орын алып жатқанын кім білсін?!

РТИ қалашығында орталық жылу жүйесі жоқ. Қыста адамдар пеш жағып күнелтеді. Ал электр жарығымен және ауыз сумен ешқандай мәселе жоқ.

Соңғы жылдары жергілікті билік бұл қалашыққа оралмандарды әкеле бастаған. Үстіміздегі жылдыі мамыр айында бір үйге жөндеу жұмыстары жасала бастаған. Бұл үйге кімдер келетіні әлі белгісіз. Жөндеу жұмыстары аяқталып үлгермеген. Бригадирдың айтуынша, бұл аймақтағы 50 үйді жөндеу жоспарда бар көрінеді.

8

Алдағы уақытта Припять қаласын еске түсіретін қалашыққа қайтадан жан бітеді деген үміт сәулесі бар.

Автор: Жұлдыз Мұқанова

Author

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір