03 Тамыз, 2019 Оқиғалар
Жамбыл облысының полицейлері жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды (видео)
Ерлі-зайыптының көлігі бұзылып, ауруханаға жете алмаған.
Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы-Ташкент тас жолында жүкті әйелді босандырып алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментi бастығының ресми парақшасында жарияланған.
2 тамызда ерлі-зайыпты Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан, алайда Алматы-Ташкент тасжолының 183-ші километрінде көліктері бұзылып, жол ортасында тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының офицерлері кетіп бара жатқан. Қызметтік көліктегі полиция қызметкерлері жүкті келіншек пен оның күйеуін перзентханаға жеткізіп салмақ болады, бірақ оған жете алмаған - жолда әйелдің толғағы басталған.
"Полиция қызметкерлерінің көмегімен қызметтік көліктің салонында ер бала дүниеге келді", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы келіп, ана мен баланы перзентханаға жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір