25 Шілде, 2019 NEWS
Каспий теңізінің үстінде Әзірбайжан ұшағы жоғалды. Кім кінәлі?
Оқу-жаттығу тәжірибесі кезінде жоғалған ұшақты жаппай іздеу басталды.
Әзірбайжан мемлекетіне тиесілі МиГ-29 ұшағы түнгі тәжірибелік жиын кезінде радардан жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта ұшқышты іздеу жұмыстары жүргізілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 24-шілде күні жергілікті уақытпен сағат 22:010 шамасында жоғалған. Күтпеген жерден сигнал үзіліп кеткен, содан кейін ұшқыш қайта байланысқа шықпапты.
Алдын-ала болжам бойынша, ұшақтан ақау шығып, нәтижесінде Каспий теңізіне құлаған.
Қазіргі уақытта құтқарушылар ұшқышты табу мақсатында жұмыс жасап жатыр. СОндай-ақ, осы оқиғаға байланысты арнайы құрылған комиссия ұшақтың құлау себебін анықтау үстінде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір