• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:06:46
Алматы
+12°

16 Шілде, 2019 Атырау облысы

Атырауда тұңғыш рет «Алтай – Атырау арасы» атта дәстүрлі түркі музыкасының халықаралық фестивалі өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыры терең Түркі жұртының тарихы мен рухани бірлігін насихаттау мақсатында 2019 жылы Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керектігін баса айтқан еді.

Атырауда тұңғыш рет «Алтай – Атырау арасы» атта дәстүрлі түркі музыкасының халықаралық фестивалі өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыры терең Түркі жұртының тарихы мен рухани бірлігін насихаттау мақсатында 2019 жылы Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керектігін баса айтқан еді.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аталған шара аясында ұйымдастырушылармен және Әзербайжаннан, Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Түркіменстаннан және еліміздің әр өңірінен келген композиторлармен кездесті. Кездесуде мәдениет пен өнерді бірлесе дамыту бойынша (ТҮРКСОЙ) Халықаралық ұйымының бас хатшысы мұндай шараның Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқанын атап өтті.

Облыс әкімі халықаралық фестивальді ұйымдастырудың маңызына тоқталды.

− Сіздер – өз ісін үздік меңгерген шеберсіздер. Алла берген таланттың, еңбектеріңіздің арқасында табыс биігінен көріндіңіздер. Сіздерді өз елдеріңіз ғана емес, жырақ жерлер де танып отыр. Біздің де мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлері мәртебелі республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып, лауреат атанып жүргенін мақтанышпен атап өтемін. Бұл – біздің корифейлеріміз қалыптастырған базаның, дәстүрдің жемісі. Бұл – Құрманғазы, Динаның елі, – деді Нұрлан Ноғаев.

Фестиваль түркі әлемінің м у з ы к а л ы қ м ұ р а с ы н бағалаушыларды қуантып, Атыраудың тұрғындары мен қонақтарының есінде қалатын оқиға болғаны даусыз. Шараға алыс-жақын шетелдерден түркітілдес халықтардың өнерінің туын желбіретіп жүрген композиторлар қатысты.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясының Халық әртісі, РФ Композиторлар Одағының Төрағасы Рашид Қалимуллин, Башқұртстан Халық әртісі, Башқұртстан Композиторлар Одағының Төрағасы Лейла Исмагилова, Қырғызстан Халық әртісі, Қырғызстан Композиторлар Одағының Төрағасы, Қырғызстан Мемлекеттік консерваториясының ректоры Мұратбек Бегалиев, Әзербайжан Халық әртісі, Гаджибеков атындағы Әзербайжан Мемлекеттік музейінің директоры Сардар Фараджев, Өзбекстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының доценті Хуршидахон Хасанова, Түркіменстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Түркіменстан Композиторлар Одағының Төрағасы Ровшен Непесовтар көк теңіздің сағасына, Ақ Жайықтың жағасына келіп, өз туындылары арқылы түбі бір түркі халықтарының туыстығын дәлелдеді.

Фестиваль жобасының авторы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Түркі композиторлар қауымдастығының Президенті Балнұр Қыдырбек.

Фестиваль шымылдығы республикалық конкурстардың лауреаты Сая Жұмашеваның дирижерлік етуімен «Нарын» халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Балнұр Қыдырбектің «Алтай–Атырау арасы» туындысымен ашылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір