19 Шілде, 2019 Тағайындау
Президент Парламенттегі өкілін тағайындады
Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов басқа қызметке ауысты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды.
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Исабаев Бейбіт 1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысы Бақанас ауылында туған.
1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын (халықаралық қатынастар маманы) бітірген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір